MuzLem Казахские песни Скачать Сара Амангелді — Мен сені сағындым

Сара Амангелді – Мен сені сағындым


  • Длительность: 03:40
  • Качество: 320 kbps
  • Размер: 8.4 Мб
  • Релиз: 29 Июнь 2025
  • Скачиваний: 2
Песня Сара Амангелді – Мен сені сағындым

Слушать
Скачать
0

Популярные песни


Текст песни


Қарғам-ау, хат-хабарсыз қайда кеттің?
Сен бәлкім бұлттан асып, айға жеттің
Өзіңді аңсауменен, бақытты болсам деген
Ойымды ойда жоқта ойран еттің

Ұзатпай келуші еді құс-хаттарың
Ұштың да қарлығаштай ұстатпадың
Күн өтті сағат бойлап, арқама қанат байлап
Артыңнан қуып жетер күш таппадым

Мен сені сағындым
Келмей ме қасымнан табылғың?
Көркіңді көруге зәрумін
Көрінбей кетердей неә қылдым?

Мен сені сағындым
Сарсаңға салдың-ау, қадірлім
Кешегі күндермен ауырдым
Ертеңгі күндерден тәуірмін

Ал өзің сағындың ба?
(Сағындың ба? Сағындың ба? Сағындың ба?)

Айнала шомылғанда ай нұрына
Аққудай қонбайсың ба айдыныңа?
Мен сені сүйер едім, сен мені дүниенің
Кетсең де айырбастап байлығына

Көзіңнен түпсіз терең теңіз көрем
Өзіңнен үмітімді мен үзбегем
Шөлдесең тілегіме, ұядай жүрегіме
Келерсің көгершіндей жем іздеген

Мен сені сағындым
Келмей ме қасымнан табылғың?
Көркіңді көруге зәрумін
Көрінбей кетердей неә қылдым?

Мен сені сағындым
Сарсаңға салдың-ау, қадірлім!
Кешегі күндермен ауырдым
Ертеңгі күндерден тәуірмін

Ал өзің сағындың ба?
(Сағындың ба? Сағындың ба? Сағындың ба?)
(Сағындың ба? Сағындың ба? Сағындың ба?)
(Сағындың ба? Сағындың ба? Сағындың ба?)
(Сағындың ба? Сағындың ба? Сағындың ба?)

Мен сені сағындым
Келмей ме қасымнан табылғың?
Көркіңді көруге зәрумін
Көрінбей кетердей неә қылдым?

Мен сені сағындым
Сарсаңға салдың-ау, қадірлім
Кешегі күндермен ауырдым
Ертеңгі күндерден тәуірмін

Ал өзің сағындың ба?

Слушайте и скачивайте песню "Мен сені сағындым" от Сара Амангелді на MuzLem.kz. Яркая и запоминающаяся композиция, которая подарит вам отличное настроение. Насладитесь качественной музыкой в удобное для вас время!

Комментарии