MuzLem Казахские песни Скачать Қуандық Рахым — Ана

Қуандық Рахым – Ана


  • Длительность: 03:40
  • Качество: 320 kbps
  • Размер: 8.4 Мб
  • Релиз: 21 Май 2025
  • Скачиваний: 1
Песня Қуандық Рахым – Ана

Слушать
Скачать
0

Популярные песни


Текст песни


Ана сенің ақ жүрегің
Мейірімнің мекені
Балаң түгел, далаң түгел
Бәрі сыйып кетеді
Бір-ақ тамшы ақ сүтіңнің
Табылар ма өтеуі
Ана сенің әлдиіңе қандай әуен жетеді

Ана сенің бір тал аппақ шашыңда
Бейнет бар-ау татитын мың ғасырға
Ана сенің бір тамшы көз жасыңда
Мұхиттан да ауыр мұң бар расында

Бақытты өмір тарту етші Тәңірім
Бізге өмір тарту еткен асылға
Бақытты өмір тарту етші Тәңірім
Бізге өмір тарту еткен асылға

Ана сенің жанарыңда
Күннен артық жылу бар
Әжіміңе татымайды-ау
Әлемде бар сұлулар
Гүл аңқыған ең әйгілі
Әтірлері ғаламның
Иісіндей бола алмайды
Құшақтаған анамның

Ана сенің бір тал аппақ шашыңда
Бейнет бар-ау татитын мың ғасырға
Ана сенің бір тамшы көз жасыңда
Мұхиттан да ауыр мұң бар расында

Бақытты өмір тарту етші Тәңірім
Бізге өмір тарту еткен асылға
Бақытты өмір тарту етші Тәңірім
Бізге өмір тарту еткен асылға

Слушайте и скачивайте песню "Ана" от Қуандық Рахым на MuzLem.kz. Яркая и запоминающаяся композиция, которая подарит вам отличное настроение. Насладитесь качественной музыкой в удобное для вас время!

Комментарии