Жүрегіміз жақын, алыс арамыз тек
Топ адам көрсем, сені қалам іздеп
Әлі журіп келемін, әлім құрып,
Жол соңында жолығып қаламыз деп
Тыныштықтың сыйлары күдік қана
Сенерім бұлыңғыр бір уміт қана
Біраз жылдар өтіпті, өкінішті
Сені тек аңсауменен журіп қана
Түсінбейді көбісі, түсінемін,
Сынаған мені бұлай күші ненің?
Сені ойлап, кей-кейде бөртіп денем,
Жылы күнде біртүрлі үсінемін
Сұр бұлт, сұр адамдар, сұр айналам,
Несіне көрінеді бұлай маған?
Диірменінде өмірдің дәрмені жоқ,
Дөңгелек бір секілді шыр айналам...
Слушайте и скачивайте песню "Seni Izdep" от Kazybek Kuraiysh на MuzLem.kz. Яркая и запоминающаяся композиция, которая подарит вам отличное настроение. Насладитесь качественной музыкой в удобное для вас время!
Комментарии
х
Введите текст песни
Текст песни должен быть длиннее 250 символов.
Текст песни успешно отправлен на проверку! Он появится на сайте после одобрения модератором. Благодарим за внесение своего вклада в развитие проекта!