Бар өмірім бір өзіңсің әлдиім менің
Қуанышқа толы болсын әр күнің сенің
Тәй-тәй басқан қадымыңа сүйсіне қарап
Мен үшін бақыт, мен үшін ғажап!
Әлди әлди әлди ай
Ұйықтай қойшы бөпем ай!
Әлди әлди әлди ай
Ұйықтай қойшы еркем ай!
Әлди әлди әлди ай
Ұйықтай қойшы бөпем ай!
Әлди әлди әлди ай
Ұйықтай қойшы еркем ай!
Әлди әлди құлыншағым, атасының ізбасары
Әжесінің еркесі, бейбіт елдің ертеңі
Болашағың жарқын, құшағың болcын кең сенің
Парасатты ұл екен деп, айтып жүрсін ел сені!
Балдай тәтті қылығыңа сүйсінемін тамсанам
Бір өзіңе періштем әлдиім деп ән салам
Түнің тыныш болсын, арайлап атсын таң саған
Қолың жетсін мақсатыңа, арманыңа аңсаған!
Әлди әлди әлди ай
Ұйықтай қойшы бөпем ай!
Әлди әлди әлди ай
Ұйықтай қойшы еркем ай!
Әлди әлди әлди ай
Ұйықтай қойшы бөпем ай!
Әлди әлди әлди ай
Ұйықтай қойшы еркем ай!
Әлди әлди қызғалдағым, бір өзіңсің ізгі арманым
Қызым менің қылықты өмірімнің ажары
Ұйықта қызым қасыңдамын, маған қажет жымыйғаның
Бақыт байлық мен үшін мойыныма асылғаның!
Еркелейсің күлімдейсің сүйкімдісің тәттісің
Өміріңде көп болсын күндердің ең сәттісі
Өмірдің алма кезек жұмсағы мен қаттысы
Үмітімді қызым ақтағайсың бастысы!
Әлди әлди әлди ай
Ұйықтай қойшы бөпем ай!
Әлди әлди әлди ай
Ұйықтай қойшы еркем ай!
Әлди әлди әлди ай
Ұйықтай қойшы бөпем ай!
Әлди әлди әлди ай
Ұйықтай қойшы еркем ай!
Слушайте и скачивайте песню "БӨПЕ (Бесік жыры)" от Parasat & QANAY на MuzLem.kz. Яркая и запоминающаяся композиция, которая подарит вам отличное настроение. Насладитесь качественной музыкой в удобное для вас время!
Комментарии
х
Введите текст песни
Текст песни должен быть длиннее 250 символов.
Текст песни успешно отправлен на проверку! Он появится на сайте после одобрения модератором. Благодарим за внесение своего вклада в развитие проекта!